Қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау – ұлттың ішкі мәдениетін, азаматтардың жауапкершілік деңгейін айқындайтын маңызды өлшем. Тазалықты сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіпке мән беру, ортақ мүлікке ұқыпты қарау – әрбір саналы азаматтың күнделікті дағдысына айналуы тиіс.
Халқымыздың дәстүрлі тәрбиесінде қоршаған ортаға құрмет көрсету ерекше мәнге ие. Үлкенді сыйлау, ортаға зиян келтірмеу, тазалықты сақтау секілді ұстанымдар ұлттық мәдениеттің негізі болып табылады. Бұл құндылықтар қазіргі қоғамда да өз маңызын жоймай, жаңа мазмұнда жалғасып келеді.
Бүгінгі таңда қоғамда экологиялық тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру өзекті мәселе болып отыр. Көшелерді, қоғамдық орындарды таза ұстау, тұрмыстық қалдықтарды бей-берекет тастамау, айналаға немқұрайлы қарамау – мәдениетті қоғамның айқын белгілері. «Таза Қазақстан» акциясы тұрғындардың қоғамдық сана-сезімін арттырып, ортақ тәртіпке үндеу арқылы ел бірлігін нығайтуға бағытталған.
Аталған бастама шеңберінде өткізілетін іс-шаралар азаматтардың қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырып қана қоймай, заң мен тәртіп қағидаттарын сақтауға тәрбиелейді. Әрбір адамның жауапты іс-әрекеті жалпы қоғамның мәдени деңгейіне тікелей әсер етеді.
Қоршаған ортаға деген жанашырлық – уақытша талап емес, тұрақты өмір салты. Тазалық пен тәртіпті сақтау арқылы біз қоғамдық жауапкершілікті күшейтеміз, ал бұл өз кезегінде қауіпсіз әрі қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастырады. Табиғатқа және ортақ кеңістікке ұқыпты қарау – ұлт мәдениетінің нақты әрі көрнекі көрінісі.
Жуманбаева Мереке Рахимбаевна
Қаражал қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы
