Ораза айт мейрамы – Мұсылмандардың құтты мерекес

Айт – араб тілінен аударғанда «мейрам» деген мағынаны білдіреді. Жалпы мұсылмандардың екі мейрамы бар: біріншісі – Ораза айт, екіншісі – Құрбан айт. Ол жайында Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

«Алла сол екі күннің орнына сендерге олардан әлдеқайда жақсысын берген. Біреуі – Құрбан айт, екіншісі – Рамазан айты», – деген.

Ораза айт мерекесі Рамазан айынан кейінгі Шәууал айының бірінші күнімен басталып, үш күнге созылады. Айт мейрамы алдымен айт намазын оқумен басталады.

Бұл жай ғана мейрам емес, өзін мұсылманмын деген әрбір жан үшін ең берекелі, құтты күн. Сол себепті айт күндерін көңіл көтеріңкі күйде, қуаныш пен шаттыққа толы өткізу – Алла разы болатын және мол сауапқа кенелтетін іс.

Осындай қасиетті Рамазаннан кейін кірген айтулы да қадірлі мереке баршаңызға құтты болсын! Еліміз бейбітшілік бейнесінен танбай, өркендей берсін! Күндеріміз тек тыныштық пен қуанышқа толып, дініміз бен тіліміздің мерейі үстем болсын!

Барша мұсылман қауымды 30 наурыз күні, сағат 7.00-де «Нұр» мешітінде өтетін Айт намазында күтеміз! Алланың үйінде сауап жинап, Айт мейрамын құлшылықпен бастауға шақырамыз.

Талғат СОВЕТОВ,

«Нұр» мешітінің бас имамы