Он номинация айқындалды

Жыл сайын өңірдегі шығармашылық, кәсіби және қоғамдық қызметі үшін жастарға Қаражал қаласы әкімінің «Жігер» дәстүрлі сыйлығы табысталып келеді. Айтулы шара осы жылы да жалғасын табатын болады.

Жуырда Қаражал қаласы әкімінің «Жігер» жастар сыйлығын тағайындау бойынша қала әкімінің орынбасары Ақжол Құрмансейіттің төрағалығымен комиссия отырысы өтті.

– Жастар – еліміздің ең белсенді қозғаушы күші, қоғамның бір бөлігі. Жаңа Қазақстан мемлекетін өз білімімен, жасампаз еңбегімен, күш-жігерімен қалыптастыруға септігін тигізіп, дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемге атын әйгілеуге жас өрендеріміз тер төгуде. Жастардың бүгінгі сыйлығы – жас өрендерімізді биік мақсаттарға ұмтылдырып, оларды жүзеге асыруға жігерлендіреді. Біз жастарды қанаттандырып, жоғары жетістіктерге жетуіне ынталандырамыз, – деді Ақжол Ахатұлы отырысты ашқан сөзінде.

Отырыста комиссия мүшелері 10 номинация бойынша жеңімпаздарды айқындады. Номинациялар таяу күндері өз иелеріне салтанатты түрде тапсырылатын болады.

Ізтай БЕЙСЕНБАЕВ.