Облыстың өз санавиациясы болады

Бұл Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Басқарма төрағасы Арман Баянбаев және Басқарма төрағасының орынбасары Андрей Қосолаповпен кездесуінің нәтижесінде мәлім болды.

Аталмыш құзырлы кәсіпорын стационарлық медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың жедел медициналық көмек және қабылдау бөлімшелері қызметінің үйлестірушісі болып табылады. Ұйым жедел медициналық жәрдем станциясын кеңейтуге және біздің облыста медициналық авиация бөлімшесін ашуға ниетті. Бұл бағыттағы жұмысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің келісімі бойынша облыстың денсаулық сақтау басқармасы жүзеге асырады. Аталған нысандар облыс орталығында орналасатын болады.

Екі күндік жұмыс сапары барысында қонақтар Жезқазған қаласының көпсалалы ауруханасы мен «Жезқазған» медициналық орталығында болып, қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған қалалық жедел жәрдем станциясының жағдайымен танысты.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ