Қазақстанда қаларалық автобустар мен қоғамдық көліктер Конституция жобасы туралы ақпаратпен безендірілуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еліміздің барлық өңірінде республикалық референдум қарсаңында ауқымды ақпараттық науқан жалғасуда. Қазіргі сәте қалалар мен облыс орталықтарында қатынайтын автобустар және басқа да қоғамдық көліктер негізгі арналардың біріне айналған.
“Қоғамдық көліктерді тақырыптық материалдармен безендіру ақпаратты барынша үлкен аудиторияға жеткізуге мүмкіндік береді: жолаушылар конституциялық өзгерістер мен алдағы республикалық референдум туралы түсіндірмелерді күн сайын жол үстінде көре алады.
Материалдар автобустардың сыртына да, салон ішіне де – плакаттар мен цифрлық экрандарға орналастырылады. Мұндай формат аудиториямен тұрақты байланыс орнатып, визуалды қамтуды жоғары деңгейде үйлестіреді”, – делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша 730 қоғамдық көлік безендірілген.

