Қоғамдағы шынайы қаһармандар – еңбек адамдары

Қай қоғамда да ел дамуының негізгі тірегі – адал еңбек. Өндіріс пен қызмет көрсету саласында тынымсыз еңбек етіп жүрген жұмысшы мамандар – ел экономикасының қозғаушы күші, қоғамның шынайы қаһармандары.

Бүгінде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында еңбек адамдарының мәртебесін арттыруға бағытталған жұмыстар кең көлемде жүргізілуде. Бұл – жастарды техникалық және жұмысшы кәсіптерге баулып, елдің тұрақты дамуына негіз қалау жолындағы маңызды қадам.

Кенші, құрылысшы, дәнекерлеуші, жүргізуші, электрик сияқты мамандардың күнделікті еңбегі арқылы зауыттар жұмыс істеп, жолдар салынып, елді мекендер көркейіп келеді. Олардың маңдай терімен келген еңбек – нағыз құрметке лайық.

Еңбек адамы – тек экономиканың ғана емес, тәрбие мен жауапкершіліктің де үлгісі. Мемлекет тарапынан еңбекті қорғау, әлеуметтік қолдау, жұмыс жағдайын жақсарту бағытында жүйелі шаралар қабылданып келеді.

Қарапайым көрінетін, бірақ мағынасы терең еңбектің артында үлкен күш пен табандылық жатыр. Еңбек адамдары – ел тынысын ұстап тұрған нағыз тірек. Олардың еңбегін бағалау – қоғамның ең үлкен жауапкершілігі.

Сатанов Жанат Рахымжанович

Қаражал қаласы мәслихаты аппаратының басшысы