Қазақстан Конституциясына ұсынылған өзгерістер – Негізгі заңды жүйелі түрде жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам. Конституция мәтінінің басым бөлігіне түзетулер енгізілуі мемлекеттің құқықтық және демократиялық іргесін заманауи талаптарға бейімдеуге деген нақты ниетті көрсетеді.
«Халық Кеңесі» мен Конституцияны өзгерту тәртібіне арналған жаңа бөлімдердің пайда болуы азаматтардың басқару мен шешім қабылдау үдерістеріне қатысуын кеңейтіп, құқықтық жүйенің икемділігін арттырады. Ал бөлім атауларының жаңартылуы, соның ішінде негізгі құқықтар мен бостандықтарға басымдық берілуі құқықтық айқындықты күшейтеді.
Сот төрелігі мен құқық қорғау тетіктерінің күшейтілуі, сондай-ақ «Құрылтай» атауының енгізілуі тарихи сабақтастық пен қазіргі мемлекеттік басқарудың үйлесімін айқындайды.
Жалпы, бұл өзгерістер Қазақстанның дамуына қажет тиімді, заманауи және азаматқа бағытталған құқықтық негізді қалыптастыруға бағытталған деп бағалаймын.
Нақыпбек Әйгерім Бірлікқызы
Мансап орталығы маманы
