Не істеу керек?

Сатып алынған ойыншықтың жұмыс істейтінін тексеруді өтіндім.Сатушы бұл өтінішімді қанағаттандырмады.Үйде ойыншықты ашқан кезде оның жұмыс істемейтіні анықталды.Не істеу керек?

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР заңының 13-бабына сәйкес тұтынушының иеленетін тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасын, жиынтықталымын, салмағын, көлемін, санын, мөлшерін тексеруге, егер бұл тауардың сипатына қарай мүмкін болатын болса, өзінің қатысуымен тауардың қасиеттерін тексертуді немесе оның дұрыс және қауіпсіз пайдаланылуын көрсетуді жүргізуге құқығы бар. Осыған орай сатушы ойыншықтың жұмыс жасайтынын не жасамайтынын тексеруге тиіс болған.

Қалай болғанымен сізге тиісті емес сападағы тауар сатылғандықтан, сондай-ақ оның кемшіліктерін сатушы айтпағандықтан, сіздің өз таңдауыңыз бойынша:

— сатып алу бағасын мөлшерлес кемітуді;

— тауардағы кемшіліктерді жоюға жұмсаған өз шығыстарын өтеуді;

— соған ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды;

— сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (моделді, артикулді) сондай тауарға ауыстыруды;

— шартты орындаудан бас тартуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқығыңыз бар.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР заңының 15-бабы.