Елдің экономикалық қуаты мен тұрақты дамуы ең алдымен еңбек адамының табанды еңбегіне байланысты. Заманауи технологиялар мен автоматтандыру жүйелері енгізілгенімен, кез келген өндірістің негізгі күші – қарапайым жұмысшының қол еңбегі мен жауапкершілігі.
Бүгінде еліміздің әр өңірінде кеніштер мен зауыттарда, құрылыс алаңдары мен энергетика нысандарында мыңдаған еңбек адамдары күн сайын ел игілігі үшін тер төгуде. Олардың еңбегі – Қазақстанның әлеуметтік және индустриялық дамуының басты тірегі.
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында еңбек адамдарының мәртебесін көтеру, кәсіби білім мен шеберлікті дәріптеу бағытында нақты істер атқарылуда. Бұл бастама қоғамда еңбекке құрмет сезімін күшейтіп, жастардың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттыруға жол ашады.
Қазіргі өндіріс саласында жұмыс істейтін мамандар жаңа технологияны меңгерген, кәсіби білігі жоғары, үнемі дамуға ұмтылатын азаматтар. Олар ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, ұлттық дамудың тірегіне айналып отыр.
Қарапайым жұмысшы – өндірістің ғана емес, қоғамның жүрегі. Еңбек адамына деген құрмет – елдің өркендеу мәдениетін айқындайтын ең биік құндылықтардың бірі.
Жуманбаева Мереке Рахимбаевна
Қаражал қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы