Еңбек – ел дамуының тірегі, ал өндіріс – экономикалық өсудің қозғаушы күші. Осылардың түйіскен тұсында жұмысшы мамандығының қадірі мен маңызы айқын көрінеді. Әрбір ілгері басқан қадамның, әрбір жүзеге асқан жобаның артында қарапайым еңбек адамдарының маңдай тері мен табанды еңбегі жатыр.
Бүгінгі таңда өндіріс саласы жаңа технологиялармен, заманауи жабдықтармен жабдықталып, жұмысшылардың кәсіби деңгейін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Еңбек адамының білімі мен біліктілігі өндірістің тиімділігін арттырып, ел экономикасына серпін береді.
Жұмысшы мамандықтарының беделі – қоғамның дамуы мен тұрақтылығының көрсеткіші. Сондықтан еңбек адамының мәртебесін көтеру, оның еңбегін бағалау және кәсібилігін дәріптеу – ортақ міндет.
Өндірістегі табыс – ең алдымен, адал еңбектің жемісі. Жұмысшының қолымен жасалған әрбір өнім, әрбір жетістік – елдің өркендеуінің белгісі.
Бойцун Вера Викторовна
Құқық қорғау органдарының ардагері
