Қазіргі заманда елдің экономикалық қуаты мен тұрақтылығы өндіріс саласының дамуына тікелей байланысты. Ал өндірістің өркен жаюы – кәсіби шеберлігі жоғары мамандардың еңбегінің нәтижесі. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қоғам назарын еңбек адамының мәртебесіне аудару – уақыт талабына сай бастама.
Тәжірибе мен шеберлік ұштасқан жерде өнім сапасы артып, жаңа мүмкіндіктер ашылады. Әрбір кәсіби маман өз ісіне жауапкершілікпен қарап, заман талабына сай білімін жетілдіріп отырғанда ғана өндіріс саласы өркендейді. Қазіргі еңбек нарығы үнемі жаңарып отырғандықтан, жаңа технологияларды меңгерген жұмысшының маңызы ерекше.
Білікті жұмысшы – кез келген өндіріс ұжымының негізгі тірегі. Ол өз еңбегі арқылы тек материалдық құндылық қана жасап қоймай, қоғамның дамуына да нақты үлес қосады. Сондықтан кәсіби мамандардың еңбегін бағалау, олардың беделін арттыру – экономикалық өрлеудің басты шарты.
Өндіріс өрісі кең болуы үшін ең әуелі кәсіби маманға сенім арту қажет. Шебер қол мен адал еңбек – ел дамуының қозғаушы күші.
Сагинтаева Гульнар Сапаровна
Қаражал қаласының Мансап орталығының директоры