Өңірдегі мектеп бітіруші түлектер оқу жылын үлкен жетістіктермен аяқтады. Өткен аптаның соңында мəреге жеткен мемлекеттік емтихан кезінде 11 жəне 9 сынып оқушылары сынақтан сүрінбеді. Нəтиже көңілге қонымды – 7 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды.
– Екі түлегіміз жоғары балл алып, ел мерейін өсірді. Атап айтсам, Карина Төлеубаева – 134 балл, Гүлсезім Мұхтарова 125 балл алды, – дейді қалалық білім бөлімі оқу-əдістемелік бөлімінің меңгерушісі Аманкүл Əбдішева.
Орайы келгенде айта кетейік, биыл «Алтын белгіге» үміткерлерге қойылатын талаптар өзгерген болатын. Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысымен берілетін бұл атақ енді оқушылардың мемлекеттік емтихандағы білімі мен білігіне тікелей қатысты болды. Оның ішінде екі арнаулы пəн – қазақ тілінен жазған эссе мен алгебрадан бақылау жұмыстарын облыстық білім басқармасының комиссиясы қарап, бағалайды. Осыдан кейін ғана «Алтын белгі» ресми түрде нақтыланады.
Түлектер бұл тұрғыда жетістікке жетті деуге болады. Биыл өңір бойынша 7 түлек «Алтын белгіге» үміткер болып еді. Емтихан қорытындысында жетеуі де үмітті ақтады.
«Ерекше аттестатқа» үміткерлер де мемлекеттік емтиханда өздерінің білім деңгейін көрсетіп, абыройға бөленді.
Ізтай БЕЙСЕНБАЕВ