МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУҒА ҚАТЫСТЫ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Мемлекеттік қызмет жүйесінде кәсібилікті арттыру және нәтижелілікті бағалау мақсатында Ұлытау облысы бойынша жергілікті атқарушы органдарының персоналды басқару қызметкерлерімен «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалауға қатысты семинар өткізілді.

🔹 Бағалау Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тиісті нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі.

🔹 Бағалаудың басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің қызмет нәтижелерін әділ және ашық түрде талдау, олардың кәсіби даму деңгейін айқындау және тиімділігін арттыру болып табылады.

🔹 Семинар барысында «Б» корпусы қызметшілерін бағалаудағы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндіріліп, қызметшілерді бағалау барысында  кездесетін мәселер мен сұрақтар талқыланып, тиісті жауаптар ұсынылды.