МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНДА ҚАЙТА ДАЯРЛАУ КУРСЫНДА ДӘРІС АЛУШЫЛАРҒА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

⚜️ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлытау облысы бойынша филиалында қайта даярлау курсында дәріс алушыларға «Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында семинар өткізілді.

🔹 Семинардың мақсаты – мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіруге бағытталған соңғы заңнамалық түзетулермен тыңдаушыларды таныстыру, енгізілген өзгерістердің практикалық маңызын түсіндіру және мемлекеттік қызметті одан әрі кәсібилендіру мәселелерін талқылау.

🔹 Семинар бағдарламасы аясында «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарға енгізілген жаңа нормалар, мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсу жүйесін жетілдіру бағыттары, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын жалпы және арнайы шектеулер, қызметтік этика нормалары мен мүдделер қақтығысын реттеу тетіктері мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі және тәртіптік жауапкершіліктері бойынша негізгі мәселелер талқыланды.

🔹 Семинар қатысушылары заңнамалық жаңалықтардың мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуына және мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

🔹 Іс-шара мемлекеттік қызмет жүйесіндегі реформаларды түсіндіруге және оларды тәжірибеде тиімді жүзеге асыруға ықпал ететін маңызды алаң болды.