Мемлекеттің тұрақтылығы мен басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған

Жаңа Конституция жобасы – әр өңірдің, әр саланың, түрлі әлеуметтік және этникалық топтардың пікірін ескере отырып әзірленген теңгерімді құжат. Бұл – елдің дамуында қалыптасу кезеңінен құқықтық тұрғыдан кемел мемлекет кезеңіне өткенін айқын көрсетеді.

Құжатта «Әділеттілік», «Заң мен Тәртіп», адам құқықтарының үстемдігі, экологияға жауапкершілік сияқты заманауи құндылықтар нақты бекітілген. Мемлекеттің тұрақтылығы мен басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды жаңашылдықтар бар.

Атап айтқанда, Конституцияда:

* Мемлекеттің іргелі негіздері (егемендік, тәуелсіздік, аумақтық тұтастық) өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі;

* Адам құқықтарын қорғау күшейтіледі: өлім жазасына толық тыйым, ұстау сәтінен бастап құқықтық кепілдіктер, кінәсіздік презумпциясының базалық құқық деңгейіне көтерілуі;

* Азаматтардың Конституциялық сотқа тікелей жүгіну құқығы енгізіледі;

* Сот жүйесінің тәуелсіздігі мен адвокатураның конституциялық мәртебесіьнығаяды;

* Парламенттің рөлі артып, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік күшейеді;

* Жергілікті өзін-өзі басқарутдербес институт ретінде кеңейеді;

* Мемлекеттің зайырлы сипаты нақты әрі екіұшты түсіндірмелерсіз бекітіледі;

* ҮЕҰ-дың шетелдік қаржыландыруының ашықтығы конституциялық деңгейде белгіленеді;

* Конституцияны өзгерту тек «бүкілхалықтық референдум» арқылы жүзеге асады.

Бұл өзгерістер қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді арттырып, құқықтық тәртіпті күшейтуге бағытталған. Жаңа Конституция – жай түзету емес, елдің болашақ даму бағытын айқындайтын стратегиялық таңдау деп санаймын.

Наурызбаева Гаухар Насритдинқызы, қалалық мәслизат депутаты, «Қазыналы өңір» газетінің тілшісі