“Мемлекет басшысының Жолдауында еңбек адамына айрықша мән берілуі – ел дамуының жаңа кезеңіне жасалған маңызды қадам. Қарапайым жұмысшыдан бастап, түрлі саладағы мамандарға дейін қоғамның қозғаушы күші саналатын еңбек адамын қолдау – ның бірі.
Еңбек адамы – ел экономикасының тірегі, қоғамның ілгерілеуіне үлес қосушы негізгі күш. Олардың табанды еңбегі, адалдығы мен жауапкершілігі мемлекеттің өркендеуіне тікелей әсер етеді. Сондықтан олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, еңбекақыны көтеру, лайықты еңбек жағдайларын жасау – аса маңызды міндет.
Бұл Жолдау еңбек адамының мәртебесін көтеріп қана қоймай, қоғамда еңбекке деген құрметті нығайтуға үлкен серпін береді. Әрбір маңдай терін төгіп, адал еңбегімен ел игілігіне үлес қосып жүрген азаматтарға құрметіміз шексіз!” Қаражал қалалық мәслихатының аппарат басшысы Ж.Сатанов