Мемлекет басшысының қатысуымен Халықаралық волонтерлер жылының ашылу салтанаты өтті

Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен Халықаралық волонтерлер жылының ашылу салтанаты өтті. Аталған іс-шара волонтерлік қозғалысты дамытуға, азаматтық белсенділікті арттыруға және қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті нығайтуға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Салтанатты шараға еліміздің барлық өңірлерінен келген волонтерлер мен қоғам белсенділері қатысты. Ұлытау облысынан іс-шараға 22 делегат қатысып, өңірдегі волонтерлік қызметтің дамуына қосылып жүрген жастар мен белсенді азаматтар атынан ұсынылды.

Шара барысында Мемлекет басшысы волонтерлердің қоғамдағы рөлін атап өтіп, олардың әлеуметтік мәселелерді шешудегі, азаматтық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызын ерекше атап өтті. Сондай-ақ волонтерлік қозғалысты жүйелі түрде қолдау және дамыту алдағы кезеңдегі басым бағыттардың бірі екені айтылды.

Ұлытау облысының делегациясы Халықаралық волонтерлер жылы аясында өңірде жүзеге асырылатын әлеуметтік, қайырымдылық және экологиялық бастамаларға белсенді түрде атсалысатын болады.