Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады

«Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді.

Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі», — деді Ел Президенті өз сөзінде.

Қазақстанда жұмысшы санатына әртүрлі мамандықтар кіреді. Олардың қатарында:

Механиктер – автокөліктер мен машиналарды жөндейтін мамандар.

Электриктер – электр жүйелері мен құрылғыларын орнату және жөндеу.

Слесарлар – металл конструкцияларын өңдеу, жөндеу.

Дәнекерлеушілер – металл бөлшектерін дәнекерлеу.

Столярлар – ағаштан бұйымдар жасау.

Кондитерлер – тәтті өнімдер дайындау.

Медбикелер – медициналық көмек көрсету.

Тігіншілер – киім мен басқа текстиль бұйымдарын тігу және тағы басқа мамандықтар.

Бұл мамандықтар өндіріс, құрылыс қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы сияқты әр түрлі салаларда маңызды рөл атқарады.

Байшукенова Тлеухор Жанжуманқызы-«Каражал қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің» директоры КММ