№3 және №7 жалпы білім беретін мектеп оқушыларының ата-аналары аталмыш білім орындарында жылудың нашарлығын айтып шағымданған еді.
Қаражал қаласы әкімінің орынбасары Досбол Құлымбетов келіп түскен өтініштерге сәйкес осы мектептер мен оларды жылумен жабдықтау жүйесін тексерді. Нәтижесінде орын алған олқылықтар жолға қойылды. Бір апта ішінде жағдай түзетіліп, жылумен жабдықтау қалыпқа келтірілді. Қала әкімінің орынбасары Досбол Бүркітұлы мектеп директорларына мұндай олқылықтарға жол бермеу туралы тапсырма берді.
Өз тілшіміз.