Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйекте «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауында тоқталған мәселенің бірі – медицина саласы. Елімізде білікті медицина мамандарының тапшылығы әлі де өзекті мәселе. Бұл мәселені шешу үшін, ең алдымен, медицина саласындағы білім сапасын барынша арттырған жөн. Соның ішінде грант құнын білім беру үдерістерінің деңгейіне қарай саралау арқылы белгілеп, тиімді тарату қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы мемлекет кепілдік беретін медициналық көмектің бірыңғай базалық топтамасын жасауды тапсырды. Қазіргі таңда медицина саласына 3,3 триллион қаржы бөлінгенімен, оның дұрыс игерілмеуі салдарынан медицина саласында ақсау байқалады. Осы мәселені түзету мен күшейту бойынша тапсырмалар берілді.
Жәйрем кенті әкімі аппаратының бас маманы Султанова Жамила Сулейменовна