Материалдық көмек көрсетілді

«Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2025 жылғы 18-21 сәуір аралығында бір реттік материалдық көмек төледі.

7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне: — оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге — 11 адамға 100,0 мың теңгеден;

— 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті шығарылған күніне оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге – 11 адамға 200,0 мың теңгеден;

— 1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған қызметшілеріне -14 адамға, 300,0 мың теңгеден;

— 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жоюға қатысқан, сондай-ақ, ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан 4 адамға 300,0 мың теңгеден төленді. 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне: — Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған 14 адамға 200,0 мың теңгеден;

— Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) -1 адамға 100,0 мың теңгеден;

— бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-6-баптарында аталған адамдардың отбасыларына -1 адамға 100,0 мың теңгеден көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, «Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде есепте тұрған жалғызбасты қарт, тыл ардагері А.Ф. Ратниковке «Karazhal Operating» ЖШС қайырымдылық көмек көрсетіп, үйіне жаңа қоршау орнатты. Ауласына тротуар жолын салып берді. Жедел атқарылған жұмыс үшін «Karazhal Operating» ЖШС алғысымызды білдіреміз.

 «Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.