«Марганец Жайрем» АҚ қызметкерлері дауыс берді

Кезектен тыс Президент сайлауы ел ертеңін айшықтайтын маңызды қадам. Қаражал қаласында таң бозынан жұрт дауыс беріп, таңдау жасауға асығуда. Олардың қатарында еңбек ұжымдары да бар.

Әлгінде ғана «Марганец Жайрем» АҚ қызметкерлері ұжым болып, бір кісідей өз учаскелеріне келіп, таңдауларын жасады. Ел  экономикасын өрістетуге адал еңбекпен үлес қосып жүрген азаматтар саяси науқанда да сырт қалғылары келмегенін айтуда.

Еңбек ұжымының мүшелері елдің өзге азаматтарын да белсенді болуға шақырды.