Мамандыққа құрмет – еңбекке тағзым

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында елімізде еңбек адамын қолдау мен мамандық беделін арттыру бағытындағы шаралар жүйелі түрде жүзеге асуда. Бұл бастамалар – қоғамның әр саласында еңбек етіп жүрген мамандардың рөлін мойындау мен құрметтеудің айқын көрінісі.

Еңбек адамын қадірлеу – ел дамуының берік негізі. Әр маман өз ісінің шебері бола отырып, өндірістің өркендеуіне, экономиканың дамуына және қоғамның тұрақтылығына үлес қосады.

Мамандыққа деген құрмет – ел болашағына деген жауапкершілік.

Қазіргі таңда кәсіби-техникалық білім беру ісін жетілдіру, жұмысшы кадрлардың мәртебесін көтеру және олардың еңбегін әділ бағалау мемлекет саясатының маңызды бағытына айналды.

Осындай игі істер еңбек адамына деген құрметті арттырып, жастарды мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауға ынталандырады.

Құрмансейітов Жалғасқан Ахатұлы

«Қазыналы өңір» газетінің редакциясы» 

ЖШС директоры