Кездесуді полиция генерал-майоры Нұрхат Кенжебайұлы Оразбаев ашып, мазмұнды әрі ашық форматта жүргізді. Ал Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Ербол Қайырбеков атқарылған жұмыстарды кеңінен баяндап, маңызды мәселелерге тоқталды.
Бұл – жай ғана жиын емес, қоғам болашағы үшін жасалып жатқан үлкен жұмыстың бір көрінісі. Кеңес мүшелері, полиция қызметкерлері және түрлі ұйымдардың бірлігі — нақты нәтижеге алып келуде. Әрбір атқарылған іс — ертеңгі ұрпақтың қауіпсіздігі үшін жасалған қадам.
Жиын соңында белсенділік танытқан азаматтар марапатталды. Осындай маңызды сәтте маған Департамент басшысының Алғыс хаты мен арнайы қол сағаты табысталғаны — үлкен құрмет әрі жауапкершілік деп білемін. Бұл – сенім. Бұл – алға ұмтылуға берілген күш.
Сондай-ақ, Respublica Партиясы Ұлытау Облыстық Филиалы мүшесі Ұлытау облысы бойынша Сот сараптамалары институтының директоры Ғалымжан Садықов та дәл осындай марапатқа ие болды. Әріптестердің еңбегі бағаланған сәт — әрқашан қуантады.
Алда әлі талай жұмыс бар. Бірақ бір нәрсе анық — біз біргеміз, біз күшпіз, біз нәтижеге жұмыс істейміз!
Respublica партиясы
