Құрметті Ұлытау облысының қаламгерлері!
Сіздерді бүгінгі Ұлттық басылым күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында өңіріміздің тың жаңалықтары мен маңызды бастамалары көпшілік назарына дер кезінде жетіп келеді. Қаламгерлер қауымы аймақтың тыныс-тіршілігін шынайы жеткізіп, халық пен билік арасындағы сенімді диалогтың қалыптасуына сүбелі үлес қосып отыр.
Әрі қарай да өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени-рухани өмірі мен елдік мүддеге қатысты істері сіздердің өткір ойлы, салмақты сараптамаларыңыз арқылы кеңінен насихаттала береріне сенім мол.
Басылым – ұлттың үні. Сондықтан да шындық пен әділдікті ту еткен журналистердің қоғамдағы орны қашанда биік. Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, рухани тұтастықты нығайту жолындағы еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағасын таба берсін.
Атаулы күні баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық шабыт, қаламдарыңызға қуат, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Ұлт мүддесіне қызмет еткен абыройлы еңбектеріңіз жемісті болсын!
Дастан РЫСПЕКОВ,
Ұлытау облысының әкімі.
