Ұлытау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті

Ұлытау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі -Департамент) облыс әкімінің төрағалығымен өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның отырысына қатысты.

Департамент басшысы М. А. Кенешев мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізуде бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданған шаралар туралы баяндама жасап, камералдық бақылаудың маңызды рөлі мен оң нәтижелерін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша өңір басшысы өз орынбасарлары мен мүдделі жергілікті атқарушы органдарға, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, орта білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында Департаменттің (келісімі бойынша) қатысуымен оқыту семинарларын ұйымдастыру және өткізу; Қазақстан Республиканың басқа өңірлерінің тәжірибесін ескере отырып, орта білім беру ұйымдары мен медициналық мекемелердің мемлекеттік сатып алуды өткізудің орталықтандырылған тәсілі жөнінде ұсыныстар енгізу туралы бірқатар тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, әкім тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған, олардың жұмысының тиімділігін бағалауда қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың рөлін арттыруға ерекше назар аударды.