Ұлытау облысында реновация бағдарламасы бастау алды.

Инвесторлар қаражатының қолдауымен Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалаларында апатты деп танылған үйлерді сүріп, жаңа тұрғын үй кешендерін салу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Қазіргі уақытта Ұлытау облысының орталығы – Жезқазған қаласындағы Абай көшесінде орналасқан төрт үй қоршауға алынып, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Алдағы он күн ішінде аталған үйлерді сүріп тастау жоспарланып отыр.
Сәтбаев қаласындағы апатты үйлер бойынша жұмыстар бір ай көлемінде басталады деп күтілуде.
Жалпы облыс бойынша 120 үй апатты деп танылған.