Ұлытау облысында делдалдық схемаларды тексеру комиссиясы 226 кәсіпкерді жауапкершілікке тартты

Ұлытау облысы бойынша азық-түлік бағаларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссияның жыл басынан бері 65 отырысы өтіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына сауда үстемесінің мөлшерін негізсіз арттырған 226 кәсіпкерді Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 204-4-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты.

ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» заңының 9 бабына сәйкес ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.

Заңнамада көрсетілген ережеге бағынбай, бағаны негізсіз көтерген жосықсыз кәсіпкерлерге жалпы сомасы 1 миллион теңгеге жуық қаражат көлемінде айыппұл салынып, қысқартылған түрде 572 260 теңгеге айыппұл өндірілді. Бұл өңірдегі делдалдық схемаларды анықтау бойынша комиссия жұмысымен қатар, Ұлытау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мамандарының электрондық шот фактураларға тұрақты талдау жүргізуінің нәтижесінде мүмкін болды.

Заң бұзушылықтар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізбесіне кіретін сүзбе, күнбағыс майы, жұмыртқа, тауық еті, қант, күріш және рожки өнімдерінің бағасын негізсіз көтеру кезінде анықталған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында жария шарт жағдайында тауар өткізу кезінде тауарлардың баға жапсырмаларын орналастырмаған 15 жеке кәсіпкер Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 193-бабы 4-тармағына сәйкес жауапкершілікке тартылып, қысқартылған түрінде 173 524 теңге көлемінде айыппұл өндірілген. ҚР Сауда қызметін реттеу туралы заңының 9 бабына сәйкес тауар бағасы Қазақстан Республикасының аумағында жария шарт жағдайларында оны өткізу кезінде теңгемен көрсетілуі қажет.

Жалпы өңірде биылғы жылдың 9 айында атқарылған жұмыс 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 376 % артық орындалған.

Ұлытау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті

В области Ұлытау комиссия по проверке посреднических схем привлекла к ответственности 226 предпринимателей

С начала года проведено 65 заседания комиссии по проверке посреднических схем по всей цепочке ценообразования на продукты питания по области Улытау, где 226 предпринимателей, необоснованно увеличивших размер торговой надбавки на социально значимые продовольственные товары, привлечены к административной ответственности в соответствии со статьей 204-4 кодекса Республики Казахстан «Об административных правонарушениях».

В соответствии со статьей 9 Закона РК «О регулировании торговой деятельности» субъект внутренней торговли устанавливает размер предельной торговой надбавки к социально значимому продовольственному товару не более пятнадцати процентов от покупной цены, указанной в договоре поставки социально значимого продовольственного товара.

Недобросовестным предпринимателям, не соблюдающим указанные в законодательстве правила, необоснованно завышающим цены, наложен штраф на общую сумму около 1 миллиона тенге, в сокращенном виде взыскан штраф в размере 572 260 тенге. Это стало возможным благодаря работе комиссии по выявлению посреднических схем в регионе, а также регулярному анализу электронных счетов-фактур специалистами департамента торговли и защиты прав потребителей по области Улытау.

Нарушения выявлены при необоснованном повышении цен на творог, подсолнечное масло, яйца, куриное мясо, сахар, рис и продукты рожки, входящие в перечень СЗПТ.

Кроме того, 15 индивидуальных предпринимателей, не разместивших ценовые этикетки товаров при реализации товаров на условиях публичного договора в Республике Казахстан, привлечены к ответственности в соответствии с пунктом 4 статьи 193 Кодекса Республики Казахстан «Об административных правонарушениях» и взысканы штрафы в сокращенном виде в размере 173 524 тенге. В соответствии со статьей 9 Закона РК О регулировании торговой деятельности цена товара при его реализации на территории Республики Казахстан на условиях публичного договора должна быть указана в тенге.

В целом в регионе за 9 месяцев текущего года работы выполнены на 376% больше, чем за аналогичный период 2023 года.

Департамент торговли и защиты прав потребителей по области Ұлытау