Ұлытау облысына жаңадан бас имам тағайындалды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ұлытау облысының бас имамы болып Бейбіт Жансарин тағайындалды.

Ол бұған дейін Сәтбаев қалалық «Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітінің имамы қызметін атқарды.
Жаңадан тағайындалған бас имамды жұма уағызы кезінде өңір­дің дін қызметкерлеріне ҚМДБ төрағасының орынбасары-наиб мүфти, шариғат және пә­туа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы таныстырып, ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді.

Өз тілшімізден.