Ұлытау облысы соттарының қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қарау бойынша сот төрелігін атқарудың 2024 жылдың 12 айына жұмыс қорытындысы бойынша ақпарат

1.Қылмыстық істер бойынша:

Ұлытау облысы бойынша бірінші сатыдағы соттарға 2024 жылдың 12 айында 527 –қылмыстық іс түскен. 2024 жылдың 12 айында 385 – іс бойынша 471 тұлғаға қатысты үкім шығарылған. Ұлытау облысы бойынша бірінші сатыдағы соттармен 2024 жылдың 12 айында 4 тұлғаға қатысты ақтау үкімі шығарылған. Ұлытау облысы бойынша бірінші сатыдағы соттармен 86 – қылмыстық іс өндірістен тоқтатылған. Процестік келісім Ұлытау облысы бойынша бірінші сатыдағы соттармен 47 – қылмыстық іс, 57 – тұлғаға қатысты қаралған. Қысқартылған тәртіппен Ұлытау облысы бойынша бірінші сатыдағы соттармен 94 – қылмыстық іс, 102 – тұлғаға қатысты қаралған.

Жеке айыптау бойынша

2024 жылдың 12 айында Ұлытау облысы бойынша бірінші сатыдағы соттармен 529 жеке айыптау шағымдары соттарға түскен. Ұлытау облысы бойынша бірінші сатыдағы соттармен алқа билермен 3-қылмыстық іс қаралды. Ұлытау облысы бойынша бірінші сатыдағы соттармен 2024 жылдың 12 айында жалпы 471 – тұлға сотталған, қылмыс жасаған 417 – тұлға, теріс қылық – 54.

Тергеу судьяларының жұмысы бойынша

Ұлытау облысы бойынша бірінші сатыдағы соттармен 2024 жылдың 12 айында

тергеу судьяларымен 1952 материалдар қаралған. ҚПК-нің 106 бабы бойынша Ұлытау облысы бойынша бірінші сатыдағы соттармен 96 – шағым түскен. Ұлытау облысы бойынша бірінші сатыдағы соттармен 2024 жылдың 12 айында сот актісін орындауға байланысты мәселелерді қарау бойынша жалпы 569 – материал түскен.

Ұлытау облыстық сотына 2024 жылдың 12 айында 128 – қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым келтірілген, оның ішінде 5 – үкім бұзылған (2023 ж. – 11), 14 – үкім өзгертілген. Бұзылған үкімдер 1,7% құраса, өзгертілген үкімдер 4,2% құрайды.

Ұлытау облыстық сотының 2024 жылдың 12 айында қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен 8 – материал бойынша сот қаулысының күші жойылып, өзгертілген қаулылар жоқ .

Кассациялық алқамен 2 үкімнің күші жойылды, 2 үкім өзгертілді.

2.Азаматтық істер бойынша:

2024 жылдың 12 айына сот төрелігін атқаруда азаматтық істерді қарауға қатысты статистикалық мәліметтерге сәйкес облыс соттарына 7895 талап қоюлар мен арыздар келіп түсті. 2023 жылдың осындай кезеңінде 6977 талап қоюлар мен арыздар келіп түсті. 13,2 % өскен.

Соттармен 6063 іс қаралды, 3150 іс шешім шығарылумен аяқталды, олардың ішінде 1762 іс оңайтылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралған.

Соттар бойынша: Жаңаарқа аудандық соты – 117; Жезқазған қалалық соты – 631; Қаражал қалалық соты – 115; Сәтбаев қалалық соты – 316; экономикалық сот – 522; Ұлытау аудандық соты – 61. Прокурордың қатысуымен 290 іс қаралды.

12 айдың ішінде облыс соттарымен азаматтық істер бойынша 135 жеке ұйғарым шығарылды: Жаңаарқа аудандық соты – 1, Жезқазған қалалық соты — 10, Қаражал қалалық соты – 2, ювеналды сот – 70, экономикалық сот – 47, Ұлытау аудандық соты – 2, облыстық сотпен – 4 жеке ұйғарым шығарылған.

766 іс бойынша іс жүргізу қысқартылды, олардың ішінде: талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына байланысты – 24 іс; тараптардың татуласу келісімін жасауына байланысты – 97 іс; тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасауына байланысты – 558 іс, партисипативный тәртібімен — 0 іс, басқа негіздер бойынша – 87 іс.

Дауларды татуласу рәсімдерімен реттеу жөніндегі соттардың жұмыстары былайша көрінеді: барлығы облыс бойынша – 558 Жаңаарқа аудандық соты – 39, Жезқазған қалалық соты – 251, Қаражал қалалық соты – 49, Сәтбаев қалалық соты – 48, ювеналды сот – 48, экономикалық сот – 107, Ұлытау аудандық соты – 16.

2024 жылдың 12 айында мемлекеттік тілде 1778 іс қаралды.

Соттар бойынша: Жаңаарқа аудандық соты – 75 ; Жезқазған қалалық соты – 213; Қаражал қалалық соты – 120; Сәтбаев қалалық соты – 129; ювеналды сот – 995; экономикалық сот – 203; Ұлытау аудандық соты – 43.

Апелляциялық саты

2024 жылдың 12 айында облыстық сотқа апелляциялық тәртіппен қарауға 477 іс және материалдар келіп түсті, олардың ішінде 435 іс қаралды.

2024 жылда апелляциялық сатыда 35 шешімнің күші жойылды, 39 шешім өзгертілді.

3.Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істер бойынша:

2024 жылдың 12 айында соттарға 4566 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер түсіп, 4331 әкімшілік іс 4334 тұлғаға қатысты қаралған

Медиация тәртібімен 160 іс қысқартылған.

Соттардың тарапынан 208 жекеше қаулы шығарылған.

Апелляциялық саты бойынша қаралған істер:

2024 жылдың 12 айында 52 іс апелляциялық сатыға жолданды, 35 іс өзгеріссіз қалдырылды, 2 іс бойынша қаулы күшін жойған, 2 іс бойынша қаулы өзгертілді, 3 іс қараусыз қайтарылды, 6 іс қаралуда.

4.Әкімшілік істер бойынша:

2024 жылдың 12 айына сот төрелігін атқаруда әкімшілік істерді қарауға қатысты статистикалық мәліметтерге сәйкес есепті кезеңде Ұлытау облысының соттарына 271 әкімшілік талап қоюлар түскен.

Қаралған әкімшілік істердің саны – 234.

Шешіммен қаралған (аяқталған) істер саны – 64:

Бұған медиативтік келісім тәртібінде аяқталған 15, татуласумен – 2 істі қоссақ, қанағаттандырылған талап қоюлар бойынша істердің жалпы саны – 46 болады.

Қанағаттандырусыз қалдырылған әкімшілік істердің саны – 33

Сот талқылауына дейін, қаралмай қайтарылған әкімшілік талап қоюлардың саны 152.

Облыс соттары әкімшілік істерді қарау мерзімдерін бұзған жоқ.

2024 жылдың 12 айында 13 әкімшілік іс бойынша ақшалай өндіріп алу түрінде процестік мәжбүрлеу шарасы қолданылған, 2023 жылы – 6.

2024 жылдың 12 айында жазбаша іс жүргізу тәртібімен 9 әкімшілік іс қаралды.

Апелляциялық саты:

2024 жылдың 12 айында әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына түскен істер саны – 98.

Олардың ішінде: апелляциялық шағым (шешімге шағым) бойынша 46 іс қаралды; жеке шағым (ұйғарымға шағым) бойынша 52 іс қаралды.

Апелляциялық тәртіпте а.ж. 12 айында 7 шешім мен 10 ұйғарымның күші жойылды, 5 шешім өзгертілді. 1 жеке ұйғарымның күші жойылды.

2024 жылдың 12 айында бірінші сатыдағы соттардың судьялары әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру кезінде өрескел заң бұзушылықтарға жол бермеді.

Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы тарапынан бірінші сатыдағы соттардың атына ескерту хаттар болған жоқ.