Орталық сайлау комиссиясы дерегінше, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша ел халқының 51,16% сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасап үлгерген. Азаматтардың сайлау учаскелеріне келу көрсеткіштері бойынша Түркістан, Абай және Ұлытау облысы алғашқы үштікте тұр. Ұлытау облысы бойынша сайлаушылардың 68,32 пайызы дауыс берді.
«Жалпы алғанда еліміз бойынша сайлаушылардың белсенді дауыс беруі байқалады. Бұл ретте Түркістан, Абай, Ұлытау және Қызылорда облыстарында сайлаушылардың келу көрсеткіші ең жоғары», — деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина.