Ұлытау облыстық Әділет департаментінің басшысы болып Айнабеков Азамат Әбдукәрімұлы тағайындалды.
1989 жылы дүниеге келген.
2009 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін және 2016 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірді.
2007 жылдан бастап әділет органдарында жұмыс істеп келе жатыр.
2019 жылдан бастап Атырау, Павлодар облыстарында Әділет департаменті басшысының орынбасары болған.
2022 жылдан осы тағайындалғанға дейін Астана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.