ҰЛЫТАУ АУДАНЫ: ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КӨШІП КЕЛГЕН ОТБАСЫҒА ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ БЕРІЛДІ ⠀

Қарсақбай кентінде Наурызнама онкүндігі аясындағы 17 наурыз – Шаңырақ күніне орай ерекше қуанышты сәт орын алды. Ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы бойынша көшіп келген отбасыға жаңа тұрғын үй табысталды.

Биыл оңтүстік өңірден қоныс аударып келген алғашқы отбасылардың бірі – Тастамбековтер әулеті. Көпбалалы отбасы бүгінде жаңа ортаға бейімделіп үлгерген: үш баласы мектепке орналасса, біреуі үйде тәрбиеленуде. Отағасы Ербол электрик мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға құжаттарын дайындауда, ал жұбайы Нағима әзірге үй шаруасында. Еңбекке құштар бұл жас отбасы алдағы уақытта мал шаруашылығын дамытып, өз кәсібін ашуды жоспарлап отыр.

Соңғы 3 жылда Ұлытау ауданына 46 отбасы, 166 мүшесімен қоныс аударып келді. Оның ішінде Қарсақбай кентіне 5 отбасы көшіп келіп, жаңа ортаға бейімделіп, еңбек етіп жатыр. Ал биылдың өзінде Ұлытау, Егінді, Қарсақбай ауылдарына алғашқы қоныс аударушылар келіп, демографиялық және еңбек әлеуетін арттыруға өз үлестерін қосуда.

Айта кетейік, соңғы 2 жылда Ұлытау ауданына 68 тұрғын үй салынды. Өткен жылы Ұлытау селосында 32 пәтерлі және 10 пәтерлі тұрғын үйлер, Жезді мен Қарсақбай кенттерінде бірнеше баспана салынып, кезең-кезеңімен пайдалануға берілуде. Сонымен қатар, мамандарды тарту мақсатында аудан орталығында 12 орындық жатақхана табысталды.

Биыл да бұл игі бастамалар жалғасын тауып, Ұлытау, Жезді, Қарсақбай кенттерімен қатар Байқоңыр ауылында да жаңа тұрғын үйлердің құрылысы басталмақ. Бұл – елді мекендердің дамуына серпін беріп, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған нақты қадам.ҰЛЫТАУ АУДАНЫ: ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КӨШІП КЕЛГЕН ОТБАСЫҒА ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ БЕРІЛДІ

Қарсақбай кентінде Наурызнама онкүндігі аясындағы 17 наурыз – Шаңырақ күніне орай ерекше қуанышты сәт орын алды. Ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы бойынша көшіп келген отбасыға жаңа тұрғын үй табысталды.

Биыл оңтүстік өңірден қоныс аударып келген алғашқы отбасылардың бірі – Тастамбековтер әулеті. Көпбалалы отбасы бүгінде жаңа ортаға бейімделіп үлгерген: үш баласы мектепке орналасса, біреуі үйде тәрбиеленуде. Отағасы Ербол электрик мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға құжаттарын дайындауда, ал жұбайы Нағима әзірге үй шаруасында. Еңбекке құштар бұл жас отбасы алдағы уақытта мал шаруашылығын дамытып, өз кәсібін ашуды жоспарлап отыр.

Соңғы 3 жылда Ұлытау ауданына 46 отбасы, 166 мүшесімен қоныс аударып келді. Оның ішінде Қарсақбай кентіне 5 отбасы көшіп келіп, жаңа ортаға бейімделіп, еңбек етіп жатыр. Ал биылдың өзінде Ұлытау, Егінді, Қарсақбай ауылдарына алғашқы қоныс аударушылар келіп, демографиялық және еңбек әлеуетін арттыруға өз үлестерін қосуда.

Айта кетейік, соңғы 2 жылда Ұлытау ауданына 68 тұрғын үй салынды. Өткен жылы Ұлытау селосында 32 пәтерлі және 10 пәтерлі тұрғын үйлер, Жезді мен Қарсақбай кенттерінде бірнеше баспана салынып, кезең-кезеңімен пайдалануға берілуде. Сонымен қатар, мамандарды тарту мақсатында аудан орталығында 12 орындық жатақхана табысталды.

Биыл да бұл игі бастамалар жалғасын тауып, Ұлытау, Жезді, Қарсақбай кенттерімен қатар Байқоңыр ауылында да жаңа тұрғын үйлердің құрылысы басталмақ. Бұл – елді мекендердің дамуына серпін беріп, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған нақты қадам.