Сәтбаев қаласының Жеңіс саябағында полиция қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған концерт өтті.
Аталған шараға ішкі істер органдарының ардагерлері, полиция қызметкерлері, қала әкімдігінің өкілдері, прокуратура қызметкерлері және көптеген қала тұрғындары қатысты.
Мерекелік шара Жеңіс монументіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Қатысушылар ерлікпен қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Концерт барысында тәртіп сақшылары өздерінің шығармашылық қабілеттерін паш етіп, ән шырқап, би биледі және түрлі сахналық қойылымдар ұсынды. Сонымен қатар, «Жас сақшы» сыныбының оқушылары өнерлерін көрсетіп, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.