Ұлы Жеңіске 80 жыл

Биыл – халқымыздың жауынгерлік ерлігі мен рухының символына айналған Ұлы Жеңіске 80 жыл. Бұл – тарих бетінде алтын әріптермен жазылған, ұрпақтың есінен ешқашан өшпейтін ұлы күн.

Ұлы Отан соғысында жанын қиған батырларымыздың ерлігі – мәңгілік ел есінде. Олардың көрсеткен қаһармандығы мен Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі – біз үшін өшпес өнеге.

Біз, бүгінгі ұрпақ, ардагерлерімізге тағзым етіп, ерлікті ұмытпай, бейбіт өмірдің қадірін білуге тиіспіз.

Мәңгілік жадымызда – Ұлы Жеңіс!

Оспанова Замзагуль Кажмукановна — Қаражал қалалық мәслихатының төрағасы, қалалық Аналар кеңесінің төрағасы