Ұлы далаға тағзым

Көктемнің бірінші күні қашанда қуанышқа толы. Біздің көпұлтты елімізде бұл күн – Алғыс айту күні деген керемет мейрам болып аталып өтеді. Алғыс айту күні – ұлтаралық келісім мен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін ең сүйікті қазақстандық мерекелердің бірі.

Рақмет! Бірінші наурызда бұл сөз ерекше көтеріңкі көңіл-күймен және ыстық ықыласпен естіледі. Бұл күні «рақмет» сөзі қазақ жеріне, оның байырғы халқына әртүрлі ұлттар мен таптардың қоныс аударушыларына көрсеткен жанашырлығы және риясыз көмегі үшін айтылары анық.
Ондаған жылдар өтті, ғасырлар өзгерді. Қазіргі тарихи кезеңде Алғыс айту күні осы берекелі жерде өмір сүретін барлық адамдар үшін үлкен маңызға ие – ол әртүрлі этникалық топтар мен дін өкілдерін біріктіретін шуақты мереке. Халқымыздың бірлігі – ата-бабаларымыз мұра етіп қалдырған Ұлы даланың асыл қазынасы екенін білеміз және осындай керемет, терең мағынаға толы мереке оның сақталуына ықпал етеді.
Осы мереке күні баршаңызға бақыт, денсаулық, жақсылық, амандық және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін!

Иван ИВАНОВ,
«Өркен» ЖШС «Өркен-Атасу»
өкілдігінің
бас маркшейдері.