«Бұл – қазақтың сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүрі жаңғырған күн. Бұл – бостандық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күн. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл құжат Тәуелсіздігіміздің саяси-құқықтық негізін қалыптастырды. Бір сөзбен айтсақ, Декларация – еліміздің Тәуелсіздік алуына жол ашқан ақжолтай құжат» деді Мемлекет басшысы.
2022 жылғы 16 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Республика күні мәртебесін қайта енгізуді және оны 25 қазанда Ұлттық мереке ретінде атап өтуді ұсынған болатын. Осыған орай өткен аптада қаламыздың мәдени-сауық орталығының төрінде 25 қазан – Республика күніне арналған «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным» атты салтанатты жиын өтіп, соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Салтанатты жиынның шымылдығын өңір басшысы Айқын Елеусізов құттықтау сөзімен ашып, марапаттау рәсіміне кірісті. Сонымен, азаматтық қоғамды дамыту жолында қажырлы еңбегі мен зор үлесі үшін, Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат министрінің Алғыс хатымен «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қаражал қалалық филиалының төрағасы Мереке Жұманбаева, Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты, Ұлытау облысы Қаражал қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесі Артем Ким марапатталды.
Сонымен қатар, Ұлытау облысының қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін және әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін Ұлытау облысының Құрмет грамотасы Қаражал қаласы әкімінің орынбасары Досбол Құлымбетов пен «Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Наталья Пакқа табысталды.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және жеке еңбек жетістігі үшін Ұлытау облысы әкімінің Алғыс хатымен «Қаражал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Гүлмира Жакупова марапатталды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасының Ұлытау облысының мемлекеттік қызметшілерінің балалары арасында өткен «Саналы ұрпақ» байқауына белсене қатысқаны үшін Назерке Жұмаділдә мен Ақжол Сексен Алғыс хатпен марапатталды.
Сонымен қатар, сахна төріне Қаражал қаласының «Құрметті азаматы» атағын және бірқатар азаматтарға Қаражал қаласының Құрмет грамоталарын табыстау үшін Қаражал қалалық мәслихат төрағасы Зәмзагүл Оспанова шақырылды.
25 қазан – Республика күніне орай Қаражал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 9 тамыздағы «Қаражал қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы №59 шешіміне сәйкес, Қаражал қаласының «Құрметті азаматы» атағы Денсаулық сақтауды, спорты, ғылымды, техниканы, әдебиетті, өңірді және қызметтің басқа да түрлерін дамытуға үлес қосқаны үшін Рашид Артықбаевқа табысталды. Ал әдебиетті, өнерді және қызметтің басқа да түрлерін дамытуға үлес қосқаны үшін Қаражал қаласының зейнеткер ардагері, Аналар кеңесінің, Ардагерлер кеңесінің мүшесі, Мұсылман әйелдер қоғамдастығының төрайымы Бибіғайша Жамановаға Қаражал қаласының «Құрметті азаматы» атағы берілді. Сонымен қатар, өскелең ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыруға, білім беру сапасын жетілдіруге және арттыруға үлес қосқаны үшін Қаражал қаласының «Құрметті азаматы» атағы Қаражал қаласының зейнеткер ардагері Сахитжан Мұхамеджановаға табысталды.
Ендігі кезекте, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және жеке еңбек жетістіктері үшін Қаражал қаласының Құрмет грамотасымен Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Қаражал қаласының мемлекеттік архиві» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесінің біліктілігі жоғары дәрежедегі санатты архивисті Марал Ильяс, «Қазақстан Темір Жолы — Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының Жүк тасымалдау Қарағанды бөлімшесінің филиалы Қаражал станциясының станция кезекшісі Нұрғали Қожамберлин, Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласы білім бөлімінің №7 жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Зәуре Қожамсейітова, «Қаражал қаласының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мекеме кәсіпорнының бас есепшісі Нұргүл Сембекова, Ұлытау облысы Қаражал қалалық сотының бас маман – сот отырысының хатшысы Гүлжазира Төлеуова мадақталды.
Өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін Қаражал қаласы әкімінің Алғыс хатымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша Департаменті Қаражал қалалық бөлімінің қызметкері Әділ Шайкенов, «Кәсіби әскери авариялық-құтқару қызметтері Республикалық орталық штабы» Қарағанды филиалының үшінші авариялық-құтқару жасағының құтқарушысы Рамазан Айтбек, «Қаражал қаласының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мекеме кәсіпорынының медбикесі Анар Акилбаева, Ұлытау облысы білім басқармасы Қаражал қаласының №1 жалпы білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі Аяулым Балғабаева, «Кәсіби әскери авариялық-құтқару қызметтері Республикалық орталық штабы» Қарағанды филиалының үшінші авариялық-құтқару жасағының Қаражал авариялық-құтқару взводының құтқарушысы Сәкен Даниярұлы, Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласы білім бөлімінің №5 жалпы білім беретін мектебінің мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі Жазира Жакубаева, Ұлытау облысы Қаражал қалалық сотының бас маманы Эльмира Жамауова, Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік басқармасының Еңбек мобильдік орталығы Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесінің Қаражал қаласы «Мансаптық орталық» филиалының Атаулы әлеуметтік көмек бойынша кеңес беру және тағайындау маманы Әсем Жарықова, Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласы білім бөлімінің №1 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мереке Иманберлина, Қаражал қаласының полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Лана Кеңесова, «Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік Мекемесінің үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкері Гүлдана Қашауова, «Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкері Айгерім Маликова, Қаражал қаласының полиция бөлімінің штабы аға инспекторы, полиция майоры Назира Нуркушева, Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласы білім бөлімінің Қаражал қаласы «Балалар өнер мектебінің» домбыра сыныбының оқытушысы Айнаш Оспанова, Қаражал қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Сурия Садвакасова, Ұлытау облысы Қаражал қаласының Ұлттық сараптама орталығында санитарлық-гигиеналық және радиологиялық зерттеулер зертханасының санитар қызметшісі Гүлдана Шабдарова, Ұлытау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Қаражал қаласының мемлекеттік архиві» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесінің бас бухгалтері Гүлнұр Абенова марапатталды.
Марапаттау рәсімінен соң мәдени-сауық орталығының ұйымдастыруымен ұлттық мереке Республика күніне арналған «Мәңгілік жаса, қыран елім — Қазақстаным» атты концерттік бағдарлама жоғары деңгейде өтті.
Елеулі күнді мерекелік күнтізбеге қайта енгізу – бұл Қазақстанның өз тарихи бастауын мойындауы мен ұрпақтар сабақтастығының, мемлекеттік тәуелсіздік жолындағы халқымыздың тарихи еңбегі мен еркіндігін құрметтеудің символына айналмақ. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болғай.
Мөлдір ОМАРОВА