Ұлтаралық татулық – барлық жетістіктердің кілті

Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Мұнда жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл – еліміздің басты байлығы, ең үлкен жетістігі.

Ұлтаралық татулық пен келісім – Қазақстандағы тұрақтылықтың негізі. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дегендей бейбіт өмір мен өзара сыйластық болмаса, дамуға да, өркендеуге де жол жоқ. Тарих беттеріне көз жүгіртсек, бірлік пен ынтымақтың арқасында еліміз талай сыннан сүрінбей өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы – ұлтаралық келісімді нығайтудағы маңызды қадамдардың бірі. Бұл ұйым – түрлі этнос өкілдері арасындағы достық пен татулықты насихаттайтын бірегей институт.

Тәуелсіз еліміздің жетістіктері мен даму жолындағы табыстары – халқымыздың татулығы мен бірлігінің нәтижесі. Әрбір азамат ұлтаралық келісімді сақтауға, Отанымыздың өркендеуіне үлес қосуға міндетті.

Қорытындылай келе, ұлтаралық татулық – еліміздің басты байлығы. Оны сақтау – баршамыздың ортақ парызымыз. Бейбітшілік пен бірлік қашан да ел дамуының кепілі.

Сәния ТОКАБАЕВА,
«Болашақ-Қаражал» ҚБ төрайымы