Әлеуметтік реформалар: халықтың өмір сапасын арттыру жолында

Кез келген мемлекеттің басты байлығы – халық. Халықтың әл- ауқаты неғұрлым жоғары болса, мемлекет те соғұрлым қуатты, әрі өркениетті болады. Бұл тұрғыдан алғанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында, алдағы уақыттағы мемлекет тарапынан қабылданатын шешімдер мен жүргізілетін реформалардың түпкі мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

Халықтың әл-ауқатын жақсартудағы маңызды қадамның бірі — Отбасының цифрлық картасы қалыптастырылды. Онда әр азаматқа көрсетілетін мемлекеттік қолдау іс-шаралары біріктірілген. Отбасының цифрлық картасы бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылармен жұмыс жүргізілуде. Еңбекке қабілетті отбасы мүшесін жұмысқа турғызу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және басқа да мемлекеттік қолдаулар көрсету шаралары қабылдануда.
2024 жылы атаулы әлеуметтік көмекпен 25 отбасы, ондағы 104 адам қамтылды, 11208,3 мың теңге қаражат төленді.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі 38 балаға 1268,9 мың теңгеге қосымша көмек төленді.
Есепті кезеңде тұрғын үй көмегі 87 отбасына 2426,3 мың теңгеге көрсетілді.
Үйде оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балалардың шығындарын өтеуге есепті кезеңде 4 балаға 295,3 мың теңге қаражат төленген.
2024 жылы еңбекші көшіп келушіге 197-не рұқсат берілді, 74-нің рұқсаты ұзартылды.
Өңір бойынша барлығы 503 мүмкіндігі шектеулі тұлғалар есепте тұр, оның ішінде 67 бала.
Жыл басынан бері әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 241 дана оңалтудың техникалық құралдарымен мүгедектігі бар тұлғалар қамтамасыз етілді, оның ішінде 39 адам санаторлы-курорттық ем қабылдауға жолданды.
2024 жылдың қорытындысы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтермен өңір бойынша 95 адам қамтылды, оның ішінде 81 жалғыз басты қарттар, 2 адам ІІ топтағы мүгедектігі бар тұлға, 2 тыл ардагері.
Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес тірек-қимыл аппараты бұзылған, 8 мүгедектігі бар балаларға және психоневрологиялық ауытқулары бар 18 жастан асқан 4 тұлғаға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді. Бұл санатқа 20 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді.
Жыл сайын қала бюджеті есебінен мерекелік және атаулы күндерге бір реттік материалдық көмек көрсетіледі, барлығы аймақ бойынша материалдық көмекпен 61760,0 мың теңге сомасына 2190 адам қамтылды.

Анар МОЛДАБАЕВА,
Қаражал қаласының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік
мекемесінің басшысы.