Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтардың баспана мәселесін шешу қажеттігіне баса назар аударып, «Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қолдау көрсету – біздің басты міндетіміз. Үй кезегінде тұрған азаматтардың баспана мәселесін шешу үшін мемлекеттік қолдауды күшейтіп, тұрғын үй құрылысы мен оның қолжетімділігін арттыру қажет» – деп Үкіметке тапсырма берген болатын.
Президентіміздің тапсырмасына сәйкес, бірнеше жылдан бері кезекте тұрған жерлестеріміз баспаналы болып, тұрмыс жағдайын жақсартып, үлкен қуанышқа бөленуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының халыққа жолдауына сәйкес 2024 жылғы 22 қазанда Қаражал қаласында Республика күніне орай А.Шайхин,Қаражал,С.Алиев көшелерінде әлеуметтік осал топтар үшін салынған оның ішінде 16 көпбалалы отбасыларға пәтер кілттері табысталды. Тұрғын үйлерді салуға ОБ 13099488000 тг,ЖБ 947960000 тг көлемінде қаражат бөлінді.
“Қаражал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі” мемлекеттік мекемесі басшысы Мамбетов Ербол Шубаевич