Қаражал қаласының әкімі Тілектес ДОСАЕВ жуырда «Жәйрем кен байыту комбинаты» акционерлік қоғамының ұжымымен кездесті.
Басқосу барысында қатерлі індеттің таралуына тосқауыл қою шараларын ширату, кәсіпорын жұмысы жай-күйі, сондай-ақ, Жәйрем кентін абаттандыру мәселелері кең көлемде талқыланды.
Жәйрем кентінің әкімі Қайрат Жансағымов кенттегі атқарылып жатқан жөндеу жұмыстары мен алдағы жоспарлы шаралар туралы хабардар етті.
Алдағы уақытта осытектес кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұратын болады.
Өз тілшімізден