Кірпіш зауыты іске қосылды

Өткен аптада Талап ауылында кірпіш шығаратын зауыт іске қосылды. Өндіріс орнының ашылуына өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы арнайы барып қатысты.

Зауыт жылына 20 млн. кірпіш өндіруге қауқарлы. Биылдың өзінде жыл аяғына дейін 5 млн. өнім шығару көзделіп отыр.

Өндіріс ошағының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде өңір басшысы  игі бастама жаңа облыстағы инфраструктураның дамуына жол ашатынын жеткізді.

– 60-тан астам жаңа жұмыс орны ашылып, ұлытаулықтар тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Онымен қоса, Ұлытау облысының құрылыс-монтаждау объектілері, құрылыс базарлары өз өнімімізді қолданады. Бұл – барлығымыз үшін де игі бастама деп білемін, – деді Берік Әбдіғалиұлы өз сөзінде.

Жеке кәсіпкер Телібай Бекмұ­ратовтың айтуынша, кірпіштің сапасы жақсы. Жаңа зауытта беріктігі М125-М200 бойынша жоғары маркалы тас шығару жоспарлануда.

Талап ауылына жасаған жұмыс сапары барысында Берік Әбдіғалиұлы ауылда атқарылып жатқан жұмыстардың да барысымен танысып, мердігерлерге нақтылы тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, өңір басшысы Талап ауылындағы №14 ЖББ мектебіне барып, білім ордасының жай-күйімен танысты.