Кінәлілерді іздемейміз, шешімдерді іздейміз

Жәйрем кен байыту комбинатында «Әйелдер көзқарасы» атты бірегей жоба жүзеге асырылуда. Нұсқамалар мен тексерулерді қанша жүргізсең де, әдетте көзің шала бермейтін шынымен де маңызды нәрселерге кейде басқаша көзқараспен қарау жеткілікті.

Жәйрем кен байыту комбинатында кәсіпорынның әйел қызметкерлеріне жұмыс орындарының жағдайларын бағалау міндеті тапсырылды. Нәзік жанды арулардың көзқарасы бұрын назардан тыс қалатын нәрселерді байқауға көмектесті, және нақты өзгерістердің бастамасына айналды.

Идея дағдарысқа қарсы топтың жұмысы кезінде пайда болды. Жобаны «Казцинк» мамандары мен «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ басқарма төрағасы Еркебұлан Қуандықовтың өзі қолдады. Ол бастаманың IDEAL тұжырымдамасына – «Казцинктің» өзара іс-қимыл мен шешім қабылдауға деген заманауи тәсіліне толық сәйкес келетіндігін, мұнда нәтиже ғана емес, сонымен қатар, сырттан көзқарас маңызды екенін атап көрсетті.

– Басшылар өздерінің бөлімшелерін үнемі аралап, тексеріп жүреді, дегенмен, әйелдер қауымы біз көзден таса жіберген жайттарды байқап қалады, – дейді Еркебұлан Қуандықұлы.

– Олар жұмыс орындарына анасы баласы жұмыс істеп жатқан жерге қалай қараса, солай қарайды. Қамқорлықпен, ықыласпен және ымырасыз. Сондықтан, олардың бақылаулары мен ескертулері ерекше құнды. Ерекше көзқарастағы команда Жобаның алғашқы үш қатысушысы – әлеуметтік қолдау бөлімінің бастығы Ақтоты Жазыбекова, жеңіл көліктер легінің бастығы Әйгерім Серікова және еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі инженер Диана Крюкова.

Үш қызметкер де – тәжірибелі мамандар. Кейінірек олардың қатары тағы үш қызметкермен толықты: Шұғыла Бердібекова (энергия цехы), Альмира Бакирова (біріктірілген басқару жүйесі) және Оксана Голубинская (әлеуметтік қолдау бөлімі).

– Әйел азаматтар бұл іске асқан жауапкершілікпен және мұқият қарайды, – дейді нық сеніммен «Казцинктің» еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі менеджері Ермек Қизаметдинов.

– Олардың қырағы көзінен ешнәрсені жасыру мүмкін емес. Бұл жай ғана тексерулер емес, нағыз қауіп-қатерлердің алдын алу шарасы. Тәртіп орнату жолы Тәжірибелі мамандардан құралған топ өткен күзде алғашқы тексерулерін өткізді. Олар комбинаттың бүкіл аумағын жаяу аралап, тіпті, ең шалғай және ұмыт қалған бұрыштардың барлығын қарады.

– Полиметалл байыту фабрикасының артында үлкен алаңқай бар, оған көп ешкім бара бермейді, – деп әңгімелейді Ақтоты Жазыбекова.

– Біз ол жерден үйіліп қалған қоқысты таптық. Есеп бергеннен кейін сенбілік ұйымдастырып, бәрін тазалап, алып тастадық. Осындай тексерулер қазандықта да, басқа да объектілерде де тәртіп орнатуға септігін тигізді. Басшылардың ескертуімізге бірден құлақ асатыны қуантады: жедел түрде әрекет етіп, ескертулерді жойып, тәртіпке келтіреді.

Диана Крюкова жобаға қатысу ол үшін кәсіби тұрғыда өсу ғана емес, жеке мектептен өткенін атап өтті:

– Біз жұмылған жұдырықтай біртұтас команда ретінде жұмыс істедік. Тәжірибелерімізбен бөлістік, бір-бірімізден үйрендік. Мен үшін бұл өндірісті басқа бөлімшелердегі әріптестерімнің көзімен көру мүмкіндігі болды, және бұл баға жетпес тәжірибе.

Жақсарудың 356 себебі

Бір жыл ішінде «Әйелдер көзқарасы» жобасы 356 сәйкессіздікті анықтады. Көпшілігі ұзақ жиналыстар мен хат-хабарларсыз бірден жойылды.

Әрбір ескерту ауытқуларды басқару жүйесінде орындалу мерзімдерін көрсете отырып және «Әйелдер көзқарасы» жобасымен анықталды» деген белгімен тіркеледі.

– Бұл жай ғана тексерулер емес, – дейді Ақтоты Жазыбекова. – Бұл жанды диалог, онда әйелдер жұмыс орнын қалай қауіпсіз, таза, ыңғайлы ету керектігін айтады. Біз кінәлілерді іздемейміз, шешімдер іздейміз.

Күш – назар аударуда

Жоба тек бақылау құралы ғана емес, жаңа тәсілдің нақты құралына айналды. Бұл жерде қауіпсіздік мәселесі – шартты, ресми емес, корпоративтік мәдениеттің бір бөлігі.

Аталған жоба жауапты көзқарас әрі қатал, әрі қайырымды бола алатындығын көрсетті.

Жәйрем кен байыту комбинатының әйелдер қауымынан құралған комиссиясы кейде өндірісті қауіпсіз ету үшін оған жүрек көзімен қарау жеткілікті екенін дәлелдеді.

Алена ЕРМОЛАЕВА.

 Фотоларды А.Жазыбекова ұсынды.