Қаражал қаласы әкімінің орынбасары Досбол Құлымбетов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға 2 азамат жүгінді. Тұрғындар негізінен тұрғын үй, коммуналдық қызметтер үшін берешек мәселесі бойынша мәселе көтерді.
Досбол Құлымбетов тұрғындардың барлық өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, туындаған барлық мәселелер заң талаптары аясында шешілетінін хабарлады. Сондай-ақ, қабылдауда айтылған азаматтардың мәселелерін шешу бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Өз тілшіміз.