«Кандидаттан сұра!»

2022 жылғы 11 қарашада сағат 20:00-де «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстар мен пікірталастар өтеді.

«Хабар» агенттігінің базасында «Кандидаттан сұра!» атты айдары бойынша өтінімдерді қабылдау ашылды. Сайлаушылардың кезкелген кандидатқа сұрақ қоюға мүмкіндігі бар.
Ағымдағы жылдың 10 қарашасына дейін Президенттікке кандидаттарға өз сұрақтарыңызды ұзақтығы 1 минуттан аспайтын бейне түрінде debaty-2022@khabar.kz электрондық мекенжайға жібере аласыз.