«Кәсібі құрметті елдің келешегі кемел»

Еңбек – кез келген елдің дамуы мен өркендеуінің басты негізі. Сондықтан 2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп аталуы – еңбек адамын ұлықтап, кәсіби мамандықтардың қоғамдағы беделін көтеруге бағытталған маңызды бастама.

Бүгінде Қазақстанның өндіріс орындары мен кәсіпорындарында мыңдаған жұмысшы ел игілігі жолында табанды еңбек етіп жүр. Олардың еңбегі – мемлекетіміздің экономикалық қуатын арттырып, жаңа белестерге жетелеуде.

Жыл аясында еңбек адамына құрмет көрсету, жас буынды кәсіптік білімге баулу, жұмысшы мамандықтарын насихаттау бағытында түрлі іс-шаралар қолға алынуда. Бұл қадамдар жастардың болашақ кәсібін таңдауда дұрыс шешім қабылдауына ықпал етеді.

Кәсібі құрметтелген елдің болашағы да кемел болмақ.

 

Байшукенова Тлеухор Жанжумановна

«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»

КММ директоры