Көктем аруы – кітапханада

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Қаражал қаласының орталық кітапханасында «Көктем аруы – 2026» атты тәрбиелік мәні зор, мазмұнды сайыс ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – қазақ қызының бойындағы әдептілік, парасаттылық, білімділік пен өнерді дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау.

Сайыс барысында қатысушылар өздерін таныстырып, шығармашылық қабілеттерін ортаға салды, салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап беріп, сахна мәдениеті мен шешендік өнерлерін көрсетті. Әрбір арудың дайындығы жоғары деңгейде болып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Әділқазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені Наргиза Ромазан жеңіп алса, І орынды Чолпан Асанова иеленді. Ал ІІ орынды Шұғыла Секербек қанжығасына байлады. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Кеш барысында ұлттық нақыш, әсемдік пен инабаттылық үйлесім тауып, қатысушылар мен көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Орталық кітапханада өткен «Көктем аруы – 2026» сайысы қыз баланың қадір-қасиетін айшықтаған, тәрбиелік мәні зор жарқын шара болды.

Тлеухор БАЙШУКЕНОВА,
ОКЖ директоры.