Cәрсенбі күні, яғни, 16 қарашада Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тергеу департаментінің басшысы Ерік ЕСЕНОВ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы аумағында жергілікті кәсіпкерлермен жиын өткізіп, маңызды мәселелерге қатысты кең сипатты әңгіме өрбітті.
Мағыналы жиын барысында оған қатысушыларға экономикалық тергеп-тексеру қызметі мен департамент шұғылданатын жұмыс ауқымы туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, кәсіпті қорғау шаралары мен кәсіпкерлердің құқығының бұзылмауына жол бермеу жөнінде ашық диалог форматында сөз қозғалды.
Ерік Өмірбекұлы кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтардың бәріне дерлік Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтарына және заңнамасына сәйкес, толыққанды әрі тұщымды жауап берді.
Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергептексеру департаментінің баспасөз қызметі.