Гендерлік теңдік – қоғам үшін маңызд

Дүние жүзіндегі дамыған өркениетті ел болуға ұмтылған әр мемлекет үшін қазіргі уақытта гендерлік теңдік мәселесінің маңызы ерекше. Қоғам дамуының қазіргі сатысында гендерлік теңдік, гендерлік саясат мәселесінің өзектілігі күннен күнге арта түсуде.

Жалпы, гендер туралы қысқаша айтсақ, ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы деуге болады.

Қоғамда «гендер», «гендерлік теңдік», «гендерлік саясат» мәселелері бойынша сан алуан түрлі көзқарастар мен пікірлер қалыптасқан.

2000 жылғы 8 қыркүйектегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының № 55/2 қарарымен қабылданған «Біріккен Ұлттар Ұйымының Мыңжылдық декларациясында» ерлер мен әйелдер арасындағы теңдік мәселесі жан-жақты қамтылған.

Қазақстан Республикасында ұлттық гендерлік саясаттың маңызына мемлекет деңгейінде мән беріліп, бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен сәтті жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, қоғамның барлық салаларында әйелдерге қатысты дискриминацияларға жол бермеу, оларды жою, ерлер мен әйелдердің арасында теңсіздіктің алдын алу, тең құқықтар мен мүмкіндіктер ұсыну, тағы да басқа нақты іс-шаралар кеңінен жасалуда.

Сауатты жүргізілген гендерлік теңдік саясаты – қоғамның дамуы үшін қызмет етеді.

Сауле ДЮСЕМБИНА,

 Қаражал қалалық сотының судьясы.