-Кезектен тыс Президент сайлауы – аса маңызды саяси науқан. Бұл қадамның түпкі нәтижесінде елді одан әрі жаңғырту мен кемелдендіре түсу ниеті жатқаны күмәнсіз. Оған дайындық мәселесінде босаңсуға жол беруге болмайды. Сол себепті, Қаражал-Жәйрем өңірі бойынша осынау жауапты іске алдын ала әзір болу шараларын мұқият жоспарлап, кезең-кезеңімен жүзеге асырып жатырмыз. Сол, себепті қазіргі күннің өзінде сайлауға әзірлік тиянақты деп мәлімдеуге толыққанды құқымыз бар.
Өңір бойынша 15 сайлау учаскесі бар. Оның ішінде, Жәйрем кентінде 6 учаске (№250-255), Қаражал қаласында 8 учаске (№242-249) және Шалғы кентінде 1 учаске (№256) орналасқан. 10 сайлау учаскесі – білім беру нысандарында, 2 учаске – мәдени-сауық орталықтарында (Жәйрем, Қаражал), кәсіпорын ғимаратында 1 учаске (ЖРЭК) және жекеменшік ғимараттарда 2 учаске (бұрынғы 14 дүкен ғимараты және «Наурыз» сауда-ойын-сауық кешені) орналасқан.
Сайлау кезеңінде 7 адамнан тұратын 1 қалалық сайлау комиссиясы және 83 адамнан құралған 15 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Жұмыс тәжірибелері 78% құрайды. Қазіргі уақытта комиссияларда бос жұмыс орындары жоқ.
2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес, және халықты ақпараттандыру мақсатында Қаражал қаласы әкімдігінің сайтында, жергілікті «Қазыналы өңір» газетінде сайлау учаскелерінің шекаралары мен орналасқан жері, сайлау комиссияларының құрамы, байланыс нөмірлері жарияланды. Сондай-ақ, тұрғындар қоңырау шалып, сайлау учаскесі бойынша мәліметтерді нақтылай алатын байланыс орталығы жұмыс істейді. Байланыс нөмірі: 8 (710 32) 2-66-19. Бұдан бөлек, қала әкімдігінің сайтында «Өзіңді тексер» арнайы бөлімі іске қосылған.
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындар анықталды және жергілікті газет бетінде жарияланды.
Қаражал қаласы мен Жәйрем кентіндегі билборд құрылымдарына Орталық сайлау комиссиясымен анықталған банерлер ілініп, ақпараттық-тарату бейнелері мен аудиороликтер қоғамдық орындарда орнатылған LED экранда көрсетілу үстінде.
Жоғарыда атқарылған жұмыс ауқымы мен алдағы уақытта іске асырылатын істер маңызды науқанды талап деңгейінде өткерудің кепілі болуы тиіс.
Жазып алған,
Балшырын АМАНТАЙ.